Павлодарда тергеу изоляторына телефонды тортқа салып өткізбек болыпты

15 Тамыз 2021, 21:44
2759
Бөлісу:
Павлодарда тергеу изоляторына телефонды тортқа салып өткізбек болыпты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болған деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/1 мекемесінде болған. Сотталғанға келген сәлемдемені тексеру барысында тортты кескен қызметкерлер одан ұялы телефон тауып алған. 

45 жастағы сотталған ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. «Ерекше» пакетті оған танысы әкелген. 


Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгімелесу жүргізіледі. Дегенмен келушілер қызметкерлердің салғырттығына үміттеніп, жаңа әдістерді ойлап табады. Сондықтан тергеу изоляторына келген барлық сәлем-сауқатқа мұқият тексеру жүргізіледі, – деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Әділхан Қапышев. 

Бүгінде осы факті бойынша әкімшілік хаттама құрастырылып, материал әкімшілік сотқа жіберілді. 

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес мұндай әрекет ескертуге немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға құрал немесе зат болған объектіні тәркілеумен, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Өзгелердің жаңалығы