Түркияда су тасқынынан қаза болғандар саны 60-қа жуықтады

15 Тамыз 2021, 09:48
6475
Бөлісу:
Түркияда су тасқынынан қаза болғандар саны 60-қа жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның солтүстік провинцияларында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан көз жұмғандар саны 58 адамға жетті.

Бұл туралы төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасай отырып, The Guardian хабарлады.

Анықталғандай, тасқын су салдарынан Кастамону, Синоп провинцияларындағы және Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Бартын елді мекеніндегі тұрғындар қаза болған.

Табиғи апаттан 300 елді мекен электр жарығынсыз қалды. Бірнеше автожолдағы қозғалыс бұғатталды. Бозқұрт қаласында бірқатар көпқабатты ғимарат қирады. Құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздестіруде.

Ел президенті Реджеп Ердоған Кастамону, Синоп және Бартынды табиғи апат аумақтары деп жариялады.

Өзгелердің жаңалығы