Спорт күніне орай Елбасының сирек фотосуреті жарияланды

15 Тамыз 2021, 12:14
1347
Бөлісу:
Спорт күніне орай Елбасының сирек фотосуреті жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теннис ойыны кезінде түскен мұрағаттық фотосуретін жариялады.

 Тұңғыш Президент үнемі спортты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап келе жатқаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттап келеді, - деп жазды Елбасының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде Спорт күні екендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы