«Барселона» Мессиге 39 млн еуро қарыз

15 Тамыз 2021, 10:55
5217
Бөлісу:
«Барселона» Мессиге 39 млн еуро қарыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барселона» «Пари Сен-Жермен» футбол клубына шабуылшы болып ауысқан Лионель Мессиге қарыз көрінеді. 

Бұл туралы Сhampionat.com хабарлады.

Дереккөз таратқан ақпаратқа сүйенсек, каталониялық клуб әлі күнге аргентиналық футболшыға 39 млн еуро бонус төлеуі тиіс. Аталған бонус Мессидің «Барселонамен» мерзімі өткен келісімшартында жазылған.

Еске сала кетейік, Мессидің «Барселона» клубынан кетуіне қаржылық түсініспеушіліктер себеп болған еді. Каталониялық футбол клубы басты жұлдыздарымен келісімшартты ұзарту үшін қаражат таппаған. 2003 жылдан бері ойнап келе жатқан клубтан қол үзу Мессиге де оңайға түспеген тәрізді. Себебі өткен демалыста өткен қоштасу рәсімінде спортшы көз жасына ерік берді. Ал оның сол кезде көзін сүрткен беторамалы 10 мың долларға сатылатыны туралы хабарланды.

Аргентиналық аладоп шеберінің ендігі жаңа жұмыс орны француздық «Пари Сен-Жермен» болып отыр. Футболшы олармен 2023 жылға дейін келісімшартқа отырды. Келісімде опцияны тағы бір маусымға ұзарту қарастырылған. Соған сәйкес ол маусым үшін бонустарымен қоса, 35 миллион еуро шамасында жалақы алатын болады.

 

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы