Ертең елімізде Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді

15 Тамыз 2021, 21:16
7642
Бөлісу:
Ертең елімізде Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің (КАСМО) қамқорлығымен Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді.

Талқылауға өңір бойынша белгілі сарапшылар қатысады:

1. Өміртай Бітімов, Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2011-2018), Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметінің бұрынғы директоры (2002-2009).

2. Ерлан Қарин, халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің төрағасы, терроризм бойынша бірқатар зерттеудің авторы.

3. Сұлтан Әкімбеков, Азиялық зерттеулер институтының директоры, «Ауған түйіні және Орталық Азия қауіпсіздігінің мәселелері» (1998, 2003), «Ауғанстан тарихы» (2015) кітаптарының авторы.

4. Санат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, Орталық Азия бойынша маман.

Талқылау КАСМО және халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің Facebook-тегі аккаунттарында көрсетіледі.

Трансляция 2021 жылдың 16 тамызында сағат 14.00-де басталады.

Еске сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді.

Сондай-ақ BAQ.KZ ақпараттық порталында: Қазақстан ауғандық босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді, БАҚ: Ауғанстан президенті отставкаға кетті, Тәліптер «Ауған жапырағын» дірілдете бастады сынды бірқатар материал жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы