Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді

15 Тамыз 2021, 14:08
3661
Бөлісу:
Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы Президент Тwitter-дегі парақшасында жазды.

Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда, - деп жазды Президент.




Өзгелердің жаңалығы