АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырап, 60-қа жуық адам зардап шекті

15 Тамыз 2021, 12:31
2488
Бөлісу:
АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырап, 60-қа жуық адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Нью-Йорк штатында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 57 адам зардап шекті. 

Деректерге жүгінсек, көлікте туристер болған, деп хабарлады ABC News телеарнасы.

Штаттың полициясы анықтағандай, жол апаты Уидспорт ауылына жақын маңдағы тасжолда орын алған.

Автобус Уидспорттың маңындағы тасжолда батыс бағытта аударылған. Сол сәтте көлікте 57 жолаушы болған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Көлік туристік автобус болып шықты. Оның ішінде Ниагара сарқырамасына бет алған туристер болған. Арасында сондай-ақ балалар да бар.

Кем дегенде үш адам күрделі жарақат алған болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Африка мемлекетінде Эбола вирусының таралып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы