Ауа райы: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
1225

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. 

Күндіз 16 тамызда Қостанай облысының кей жерінде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. 

16-18 тамызда Алматы облысында күтіледі: Іле, Жетісу Алатауы: 16 тамызда жауын-шашын, кей жерде қатты (жаңбыр, қар), 17-18 тамызда кей жерде өткінші жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. 

Түнде және таңертең 16 тамызда Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 16 тамызда кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Кей жерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

16 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында 38 градус қатты ыстық қүтіледі. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

16 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде 36 градусқа қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

16 тамызда Түркістан облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі. 

Күндіз 16 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 16 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы