Алтайда көлік апаты орын алды

15 Тамыз 2021, 05:53
3287
Бөлісу:
Алтайда көлік апаты орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай ауданындағы айналма тасжолдардың бірінде көлік апаты болды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Shacman мен Audi соқтығысып, көліктегілердің бірі салонда қысылып қалған. Құтқарушылар оны гидравликалық құралдың көмегімен салоннан алып шықты.

Зардап шеккен азаматты құтқарушылар жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табыстады, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы