Райымқұлова барша қазақстандықты Спорт күнімен құттықтады

15 Тамыз 2021, 13:51
4648
Бөлісу:
Райымқұлова барша қазақстандықты Спорт күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар! Ардақты ағайын! Сіздерді тамыздың үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесімен ізгі ниетпен құттықтаймын! Бұл мереке елімізде 2003 жылы 15 қарашадағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сəйкес атап өтілуде. Спорт – денсаулық кепілі. Кемесін алысқа бағыттап бара жатқан мемлекетіміз бұл байлықты көздің қарашығындай сақтап, нығайтуға шекарасын шегендеген кезден бастап ерекше зейін қойып келеді. Ел тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағытының бірі, - деді ол.
Министрдің сөзінше, Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар бағдарламаны қолға алып, арнайы заң жобаларына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр.
Біз денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған халықтың ұрпағымыз. Бүгінде «шынықсаң – шымыр боласың», деген өнегелі сөзді есте ұстап, спортты күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып үлгерген азаматтарымыздың қатары артып келе жатқаны қуантады. Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар бағдарламаны қолға алып, арнайы заң жобаларына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, бәріңізді спорт атты сиқырдың соңынан еріп, әлемдік қозғалыстың қатарына қосылуға шақырғым келеді. Дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын кәсіпқой спортшыларымызға мұқалмас ерік-жігер мен таусылмас күш-қуат тілеймін. Лайым отандастарымыздың асығы алшысынан түсіп, көк туымыз биікте желбірей берсін. Әрдайым халқымыздың дені сау, ойы сергек болсын!, - деді Райымқұлова.

Өзгелердің жаңалығы