Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді

15 Тамыз 2021, 15:21
4073
Бөлісу:
Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде кеше АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтармен телефонмен әңгімелесу барысында Ауғанстаннан келетін босқындарды паналату процесін талқылады деген ақпарат тараған еді.

Алайда Сыртқы істер министрлігі босқындар қабылдауды жоспарлауға қатысты бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы жағдай сағат сайын өзгеруде. Сондықтан соңғы шешім туралы айтуға әлі ерте, - деп пікір білдірді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кететін жайт, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға қатысты жиын өткізгендігі туралы жазған болатынбыз. Ол АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы