Ұлыбритания өз елшісін Ауғанстаннан шұғыл түрде эвакуацияламақ

15 Тамыз 2021, 09:36
4880
Бөлісу:
Ұлыбритания өз елшісін Ауғанстаннан шұғыл түрде эвакуацияламақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері Кабулға қарай бет алуына байланысты Ауғанстандағы Ұлыбритания елшісі Лори Бристоу шұғыл түрде дүйсенбі күні кешке елден эвакуацияланады.

Бұл туралы The Times газеті жазды.

Белгілі болғандай, Ұлыбритания енді елдегі елшілігін қалдырмайды.

Біз елдегі дипломатиялық миссиямызды сақтамаймыз. «Талибан» қандай да бір кепілдік береді деп сене алмаймыз, - деп хабарлады The Times дереккөздерінің бірі.
Басылым сілтеме жасап отырған тағы бір сарапшының сөзінше, Кабул әуежайы бірнеше күннің ішінде құлдырауы мүмкін. Ол Ұлыбританияда 31 тамызға дейін дипломатиялық миссияны толығымен эвакуациялау жоспарланып отырғанын айтты.

Анықталғандай, соңғы күндері Ұлыбританияның ислам республикасындағы дипмиссиясындағы қызметкерлер саны 500-ден Бристоуды қосқанда ондаған адамға дейін қысқарған.

Қазір 34 провинцияның 20-сы «Талибан» жауынгерлерінің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы