Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына қатысады

15 Тамыз 2021, 13:27
8315
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17-30 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жаcтар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Құрлық додасында жалпы есебі 51 чемпионның есімі белгілі болады. Олардың ішінде 25 қыз, 26 ер бала бар. 

Чемпионатқа ең көп делегацияны Қазақстан, Үндістан және Өзбекстан алып бармақ. 

Одан бөлек, құрлық біріншілігі тарихында алғаш рет екі жас ерекшелігіндегі спортшылар бақ сынайды.

2003-2004 жылы туған спортшылар жастар арасында, 2005-2006 жылғы боксшылар жасөспірімдер арасында өзара мықтыны анықтайды. 

Өзгелердің жаңалығы