Все новости за 13 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жалғасын табуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
-
Итінің үйшігіне есірткі жасырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 37 жастағы тұрғынынан 34 келіден астам «гашиш» табылды. Құқық бұзушы есірткі пакеттерін итінің арнайы жабдықталған үйшігінде жасырған.
-
Қарағанды облысында бір отбасын қырып салған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ағадыр ауылында жер үйден үш адамның мәйіті табылды.
-
Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов министрлікті екі мемлекеттік органға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды zakon.kz.
-
Олимпиада жүлдегері қаржысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев барша қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, мемлекет тарапынан тағайындалған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты.
-
Өзбекстанда балабақшада 25 бала уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда 6 бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр деп хабарлайды «Хабар 24».
-
ШҚО-да балаларды дамытатын ерекше орталық салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов Білім, Мәдениет, Спорт және Құрылыс басқармаларының басшыларымен Қазақстанда теңдесі жоқ ауқымды жоба – «Зерде» ғылыми-шығармашылық орталығын салу мәселесін талқылады деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
Алматы облысында ер адам колонияға 14 телефон мен 76 SIM-карта өткізбек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 мекемесіне ер адам 14 телефон, 76 SIM-карта және бес зарядтау құрылғысын өткізуге тырысты деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Токио-2020: Софья Берульцева жекпе-жек барысындағы басты қателігін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева топтық кезеңнен сәтті шығып, жартылай финалға жеткен болатын. Алайда финалға бір қадам жерде артынша чемпион атанған мысырлық Ферьял Абделазизге есе жіберген еді.
-
1 қазан ресми түрде Радио қызметкерлерінің күні деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды.
-
Токио-2020: Алдағы Олимпиадада 8 қоламыз 8 алтынға айналады деп үміттенемін – Сәкен Бибосынов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Токио-2020 Олимпиада жеңіпаздарын марапаттау рәсімінде мәлім етті.
-
Токио Олимпиадасына елімізден 200-ге жуық делегация өкілі барған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков хабарлады. Оның айтуынша, олимпиада ойындарына әдеттегіден 100 адамға кем барған.
-
Министр «Balapan» телеарнасы жанынан ұйымдастырылған жоба сәтімен басталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған анимация мектебі ашылатыны туралы жазған едім. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Balapan» телеарнасы жанынан ұйымдастырылған жоба сәтімен басталып, 14-16 жас аралығындағы 30 бала білім алды, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің facebook-парақшасында.
-
Бақтияр Артаев бокстан ұлттық құраманың құрамы өзгеретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бокстан ел құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев хабарлады. Сондай-ақ ол құрамадан ешкімнің кетпегенін, бәрі өз орындарында қалды деп отыр.
-
Токио Олимпиадасының жүлдегерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Бүгін Токио-2020 Олимпиадасының жеңіпаздары марапатталды. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Олимпиада жүлдегерлерінің ерен еңбектерін бағалап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бірқатар мемлекеттік награда табыс етті.
-
Боксшыларымыз сәтсіз өнер көрсетті – Бақтияр Артаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев айтты. Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті қателіктермен жұмыс істейтін уақыт келгендігін алға тартты.
-
Дәурен Абаев ұлтшылдықты жоққа шығарып, сынаған жоқ – Ерлан Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешеден бері әлеуметтік желіде әріптесім әрі жолдасым Дәурен Абаевтың мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Мен Дәурен Әскербекұлымен біраз жыл қызметтес болдым. Біз Президент Әкімшілігіне дейін де ақпарат саласында бірге жұмыс істедік. Оның мемлекетшіл әрі ұлттық мүддеге берік азамат екенін жақсы білемін. Сондықтан, айтылып жатқан мәселеге бей-жай қарамай, оған өз пікірімді білдіргенді жөн көрдім деп жазды Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-парақшасында.
-
NIS мұғалімдері педагогикалық кеңеске қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл алғаш рет еліміздің әрбір мұғалімі жылдың бас педагогикалық кеңесіне қосылуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінде NIS-тің орталық кеңсесінде тікелей эфир арқылы ауқымды конференцияның пәндік сессиялары ел аумағына таралатын екі телестудия үздіксіз жұмыс істеуде. Мұғалім тәжірибесін әдістемелік қолдау – жаңа жағдайдағы білім беру туралы кәсіби ойталқының өзегі.
-
Болашақ бағдарламасының түлегі ауылдағы мектепте сабақ береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 жылдың ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам түлек білім алды. Осы уақыт аралығында бағдарлама жоғары білікті кадрлардың жаңа буынын тәрбиелеп шығарды. Олар әлемнің 200-ден астам жетекші университеттерінде білім алды.
-
Лайықты адам болса, орнымды босатуға дайынмын – Гузель Манюрова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гузель Манюрова хабарлады. Сондай-ақ ол еліміздегі әйелдер күресіне қатысты пікірін ортаға салды.
-
Әйелдер күресінен жастар арасындағы әлемдік сынға қатысатын құрама анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-22 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Уфа қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Шетелдіктерге арналған емханаға тіркелу ережелері өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
-
Машина жасау саласы 22% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 айының қорытындысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осындай көрсеткішке қол жеткізілді.
-
Қазақстанда спорт саласы қалай қаржыландырылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов айтты. Оның айтуынша, спорт түрлері бойынша бюджет қаражатын айқын әрі теңдестіріп бөлу мақсатында «спорт түрлерін саралау» түсінігі заң жобасына енгізілген.
-
Кейбір мәселені байыппен емес, хайппен және лайкпен шешкісі келетіндер бар – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тіл сияқты нәзік әрі сезімтал мәселені байыппен емес, хайппен және лайкпен шешкісі келетіндерге қарсымын, деп жазды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев жеке парақшасында.
-
Лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
-
Мемлекеттік субсидия арқылы құстарды сақтандыру жүйесі нарыққа шығады – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі нарыққа жаңа өнімді шығара отырып, сақтандыру құралдарын кеңейтеді.
-
Тоқаев спортшыларды марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы жарияланды.
-
Енді балалар ауыра бастайды. Тағы бір жалған ақпарат шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-да пайдаланушылар ағымдағы жылдың қараша айында балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат талқылануда.
-
Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күн сайын сан алуан дүниелер сәнге кіретін заманда ешкімді ештеңемен таң қалдыра алмайтынымыз белгілі. Алайда ебін тапқандар табиғи тастарды сәнге айналдырып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр.
-
Сатыбалды Нарымбетов жайында деректі жоба жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы» телеарнасында танымал режиссер, сценарист, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов жайлы деректі жоба жарық көрді.
-
Алматы облысында халықтың қанша пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Алмат Үшкемпіров облыстағы спорттың дамуы жайлы баяндады.
-
Алматы полицейлері суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Құтқару іс-шарасы Алматының Бостандық ауданындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінің аумағында жүргізілді. Бұл туралы қалалық ПД-і хабарлады.
-
Биыл Жамбылда өрттен болған шығын 17 млн теңгеден асты – Әкімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылда осы жылдың 7 айында 340 өрт болды. Онда 14 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Материалдық шығын 17 млн 331 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев айтты.
-
Жамбыл облысында биыл мектепке 240 мыңнан астам оқушы барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылда жаңа оқу жылында 442 мектепке 240 мыңнан аса оқушы барады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа болжаммен 22 327 оқушы келеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмиля Бекбатырова айтты.
-
Вакцина алған студенттер мен оқытушылар жолдамалар және ақшалай сыйлықтар алып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі жоғары оқу орындарының вакцина алған студенттері мен оқытушылары жолдамалар және ақшалай сыйлықтарға ие болып жатыр.
-
Енді ХҚКО-ларда талон берілмес бұрын келушінің мәртебесі тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО ХҚКО-ларында Ashyq бойынша клиенттердің мәртебесі талон беру алдында тексерілетін болады.
-
Алматы автобустарында маска тақпаған 30-ға жуық адамға айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. 12 тамыз күні мониторинг топтары қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырды. Бір тәулік ішінде 91 автобус тексерілді.
-
Шымкентте екпе алуға үндейтін акция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты.
-
Данияр Жаналинов қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
ИКАО Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
-
ШҚО әкімі мейрамхана басшыларына қатаң талап қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мейрамханалардың жұмысына қойылатын жаңа талаптар белгіленді.
-
Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігінде Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндірушілері мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
-
Алматыда екі қабатты үй өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Қаланың Жетісу ауданында түнде өртенген үйден 4 адам құтқарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-і хабарлады.
-
Денсаулығына байланысты жұмысқа уақытша жарамсыздарға берілетін төлем көлемі ұлғаюы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
-
Ұлттық санақ не үшін өткізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық санағы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған 2020 жылғы халық санағы мен тұрғын үй қорының Дүниежүзілік раунды аясында өткізіледі. 2021 жылы халық санағын өткізу әлемнің 61 елінде жоспарланған.
-
«Шекарасыз жұмыс». Азаматтар ЕАЭО нарығындағы бос жұмыс орындарын таба алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғындықов айтты.
-
Қиясов қаулы қабылдады. Енді Vero Cell вакцинасы кімдерге салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясовтың 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына толықтыру енгізілді.
-
Елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов айтты.
-
Биыл 185 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов айтты.
-
Қазақстанда 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
-
Екібастұзда 8 жасар қыз аккумулятор қышқылын ішіп қойған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Мажит Самитов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Самитов Мажит Самитұлы ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне кірісті.
-
«Болашақ» стипендиясына 1 мыңнан астам өтініш түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні 1000-нан астам өтініш берілді.
-
Нұр-Сұлтанда алимент бойынша 15 000 борышкер тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 тамызда онлайн форматта алимент төлемдері бойынша жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналасуға жәрдем беру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті.
-
Соғыс ардагерлері қоғамдық ұйым құру туралы бастама көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Ауған соғысының ардагері отставкадағы полковник Ербол Смағұлов басқарған «Парыз» қоғамдық бірлестігінің құрылтай отырысы болып өтті.
-
COVID-19: АҚШ вакцинаның үшінші дозасына рұқсат берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ иммунитеті төмен адамдарға вакцинаның үшінші дозасын қабылдауға рұқсат берді.
-
«Қайраттың» бас бапкері отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде армениялық «Алашкерттен» ұтылған соң, Қайрат клубының бас бапкері Кирилл Кекер отставкаға кететінін мәлімдеді.
-
Сқақов: Спорт алаңдары, әсіресе, балаларға қолжетімді болуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында бұқаралық спортты дамыту үшін жан басына қаржыландыруды белсенді қолданып, инфрақұрылымның қолжетімділігін арттырады.
-
2020 жылдың жер және мүлік салықтарын қалай төлейміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді.
-
Маңғыстауда денсаулық сақтау жүйесінің үздік салалық кәсіподақтары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары марапатталды.
-
Елімізде «Qazaqstan Project Management Awards 2021» конкурсы басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan Project Management Awards 2021» ұлттық конкурсы Қазақстанда жобалық менеджмент жүйесін дамыту мақсатында өткізіледі.
-
Дәрігер антиваксерлерге емес, ғылыми деректерге сенуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, дәрігер Алмаз Шарман айтты.
-
ҚазАқпарат агенттігіне - 101 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, сонау 1920 жылдың 13 тамызынан бері халқымыздың «көзі, құлағы һәм тілі» болған, Қазақстанда бірінші болып халықаралық дәрежеге ие болған жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі - ҚазАқпаратқа 101 жыл толды.
-
«Хайвилл Астана» лифтіне мінген курьерді тоқ соғып, екі иығы шығып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешеніне гүл жеткізіп бермек болған курьерді тоқ соғып, салдарынан ол салданып қалған.
-
Екінші рет коронавирус жұқтырған Мұхамеджан Тазабек жағдайының қандай екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Talim TV телеарнасының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, псиxология ғылымдарының кандидаты, PhD, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек екінші рет коронавирус жұқтырды. Ол алты ай бұрын вакцина алғанын, соның нәтижесінде ауру ағымы жеңіл өтіп жатқанын айтты.
-
Воронежде қоғамдық автобус жарылып, 18 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбі күні кешке Ресейдің Воронеж қаласындағы «Галерея Чижова» сауда орталығының маңында ПАЗ маркалы қоғамдық автобус жарылды.
-
COVID-19 105 науқастың өмірін жалмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 13 тамыздағы ақпарат таратылды.
-
Түркістаннан өзге облыс «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында 13 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Коронавирус пневмониясынан 22 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пневмониядан 22 адам көз жұмды.
-
Өткен тәулікте 5816 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 5816 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елде өткен тәулікте 7798 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7798 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Түркістан облысында екпе салдыру бекеттері көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда жыл басынан бері вакцина салу бекеттерінің саны артып отырған. Олардың жалпы саны тек тамыз айының ішінде 128-ден 141-ге дейін жетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
COVID-19: 142 елде дельта штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясының таралу қаупі артып келеді. Ковидпен ауру 4%-ға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Волейболдан Қазақстан кубогі мен суперкубогі қазан айында өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан волейбол федерациясы республикалық ірі жарыстардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салу ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге COVID-19 вакцинасын алу ресми түрде ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне сәйкес.
-
Қарағанды автовокзалынан Томскке автобустар жүре бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды автовокзалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 тамыздан бастап Томскке автобус рейстері қайта басталады.
-
Камбоджада вакцинаның үшінші дозасы салына бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камбоджа астанасы Пномпеньде коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Шымкенттік полицейлер қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Семейде «Ядролық сынақтардан азат әлем» көрмесінің ашылуы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Семей ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ядролық сынақтардан азат әлем» мүсіндер көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің авторы – суретші, мүсінші, қолөнер шебері Қ.Аймұханбетов. Көрмеде қолөнер шеберінің жиырмадан астам туындылары ел назарына ұсынылды.
-
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда тұрғындарына үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ тұрғындарына үндеу жариялады. Өңір басшысы елде коронавирус инфекциясының тез таралуына байланысты халықты сақтық шарасын сақтауға шақырды.
Наверх