Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді

13 Тамыз 2021, 22:28
5163
Бөлісу:
Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов министрлікті екі мемлекеттік органға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл арада спорт мәселелеріне жекелей жауап беретін жеке министрлік құру туралы айтылып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан мұндай ұсынысты естіп-оқыдық. Алайда, мұны басшылық шешетінін түсінетін боларсыздар, мемлекет басшысы, премьер-министр дегендей. Бұл жерде біз елдің жоғарғы басшылығының шешімдеріне сүйенетін боламыз, - деп жауап берді Ерлан Қожағапанов.

Өзгелердің жаңалығы