Волейболдан Қазақстан кубогі мен суперкубогі қазан айында өтеді

13 Тамыз 2021, 06:30
918
Бөлісу:
Волейболдан Қазақстан кубогі мен суперкубогі қазан айында өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан волейбол федерациясы республикалық ірі жарыстардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан кубогі мен суперкубок матчы биылғы жылдың қазан мен қараша айларына жоспарланған.

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы кубоктың іріктеу кезеңі 1-8 қазан аралығында, ал ерлер арасында - 10-17 қазан аралығында өтеді.

Әйелдер командалары арасындағы кубок ойындарының финалдық кезеңі 20-28 қазан аралығында, ерлер арасында 6-14 қараша аралығында Өскеменде өтеді.

Ал әйелдер арасындағы суперкубок 28-30 қазан аралығында, ерлер арасында 14-16 қазан күндері Өскеменде өтеді деп белгіленген.

Жарыстардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаумен ұйымдастырылады.


Өзгелердің жаңалығы