Воронежде қоғамдық автобус жарылып, 18 адам зардап шекті

13 Тамыз 2021, 09:16
8389
Бөлісу:
Воронежде қоғамдық автобус жарылып, 18 адам зардап шекті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбі күні кешке Ресейдің Воронеж қаласындағы «Галерея Чижова» сауда орталығының маңында ПАЗ маркалы қоғамдық автобус жарылды.

Воронеж облысының губернаторының деректеріне сүйенсек, оқыс оқиға салдарынан барлығы 18 адам зардап шегіп, бір адам жансақтау бөлімінде қаза тапқан.

Оқиға орнында кұтқарушылар мен құқыққорғау органдары жұмыс істеді. 


Осы оқиғадан кейін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиға орнына Мәскеуден криминалистер мен тергеушілер жіберілді.

Ұлттық антитеррорлық комитет оқыс оқиғаның түрлі нұсқалары қарастырылып жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы