Қарағанды облысында бір отбасын қырып салған күдікті ұсталды

13 Тамыз 2021, 22:52
7287
Бөлісу:
Қарағанды облысында бір отбасын қырып салған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ағадыр ауылында жер үйден үш адамның мәйіті табылды.

Жұма күні 58 жастағы ер адамды, оның 59 жастағы әйелі мен 21 жастағы қызын өлтіріп кеткен. Бәрінің денесінде пышақ жарақаты бар. 

Жедел-тергеу шаралары барысында 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде марқұмдарға пышақ сұққанын мойындады, - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінен. 
Қылмыстық кодекстің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы