ИКАО Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді

13 Тамыз 2021, 14:23
6796
Бөлісу:
ИКАО Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесікен жұмысы ИКАО тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша 2021 жылдың 2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігі бойынша жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15%-ға асып, 84%-ға жетті, - делінген ведомство хабарламасында.

ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өсуі тексерудің келесі салалары бойынша көрсетілді:

- Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін;

- Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;

- Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін;

- Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін;

- Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін.

Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа деңгейіне қол жеткізді (84%). Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елден жоғары орналастық және Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения – 82%, Кипр - 82% сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз, - деп атап өтті ИИДМ баспасөз қызметі.

Нәтижелер жақын арада ИКАО сайтында ресми түрде жарияланады және барлық мемлекетке қол жетімді болады.

Өзгелердің жаңалығы