АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салу ұсынылды

13 Тамыз 2021, 05:35
5117
Бөлісу:
АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салу ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жүкті және бала емізетін әйелдерге COVID-19 вакцинасын алу ресми түрде ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне сәйкес.

CDC мәліметінше, зерттеулер коронавирусқа қарсы вакциналар жүкті және бала емізетін әйелдерге еш қауіп төндірмейтінін анықтаған. Pfizer де вакцинасының жүкті әйелдерге тигізетін әсерін тексере бастады. Осылайша, шұғыл қолдануға арналған үш вакцина ұсынылған: Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson.

Ұсыныс жүкті әйелдерге де, балалы болуды жоспарлаған немесе қазір бала емізетіндерге де қатысты. Деректерді талдау нәтижесінде жүктіліктің 20-шы аптасына дейін Pfizer немесе Moderna вакциналарын алған 2 500-ге жуық жүкті әйелдің арасында түсік тастау қаупі жоғары емес екенін анықталған.

CDC бұған дейін жүкті әйелдерге вакцина салу туралы нақты ұсыныстар берген жоқ. Алайда қазір орталық 12 жастан асқан барлық адам, соның ішінде жүкті әйелдер үшін де коронавирусқа қарсы вакцинаның пайдасы барын айтып отыр.

Айта кетейік, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) жаңа талдауы COVID-19 вакцинасын алған жүкті әйелдерде түсік тастау қаупі әдеттегі жүктіліктен жоғары емес екенін көрсетті.


Өзгелердің жаңалығы