Мажит Самитов жаңа қызметке тағайындалды

13 Тамыз 2021, 12:14
2212
Бөлісу:
 Мажит Самитов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Самитов Мажит Самитұлы ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне кірісті.

Бұл туралы белгілі журналист, ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Мажит Самитұлы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Ол әр жылдары ҚР прокуратура органдарында, оның ішінде Бас прокуратурада түрлі қызметтер атқарған. Сондай-ақ Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған. Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді. Мәкеңе жаңа қызметінде сәттілік тілейміз. Абырой биігінде бол, бауырым!, - деп жазды Байтілес.

Өзгелердің жаңалығы