Токио Олимпиадасына елімізден 200-ге жуық делегация өкілі барған

13 Тамыз 2021, 19:45
2767
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына елімізден 200-ге жуық делегация өкілі барған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков хабарлады. Оның айтуынша, Олимпиада ойындарына әдеттегіден 100 адамға кем барған.

Бұған Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токиодағы ұйымдастыру комитеті тарапынан болған қысқартулар себеп болыпты.

Делегация құрамында тікелей операциялық қызметті атқаратын мамандар, спортшылар мен бапкерлер кірді. Қазақстаннан барлығы 196 адам барды. Атап айтар болсақ, олардың 157-сі – спортшылар мен бапкерлер, 20-сы – кешенді, ғылыми топ мамандары, штабтан 9 адам, жапондық ұйымдастыру комитетінің талаптары бойынша коронавирусқа қарсы іс-шаралар мен антидопингті бақылауды қамтамасыз етумен айналысқан 4 маман, - деді Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Сондай-ақ ол 10 қыркүйекке дейін Спорт федерацияларымен бірлесіп Олимпиада ойындарына талдау жүргізіліп, оның есебі берілетіндігіне уәде берді.

Қыркүйектің соңына қарай біз Олимпиада ойындарының соңғы қорытындысын жүргіземіз. Одан соң қателіктермен жұмыс істеп, келесі Олимпиада цикліне дайындық басталады, - деді Андрей Крюков.

Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов еліміздегі спорт саласының қалай қаржыландырылатыны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы