Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды

13 Тамыз 2021, 13:52
2443
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігінде Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндірушілері мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

Олар шілде айының басында Қарағанды облысындағы дала өрттерінің жақын маңдағы елді мекендерге таралуының алдын алды.

Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бауыржан Біләловке, Ұлан Кеңеске, Владимир Малютинге, Аятолла Нәбиевке «Ерлігі үшін» медальдарын, сондай – ақ Қазыбек Әмірбековке, Болат Оразбековке, Мәди Рүстемге, Ержан Сұлтанбековке құрмет грамоталарын табыстады. Біздің құтқарушылар дала өрттерін сөндіруге қатысқан қатысушылармен бірге Байқоңыр, Алғабас, Түйемойнақ, Пионер, Ақтас, Құлымбек, Малшыбай елді мекендерін қорғап, оттың қарқынды таралуын болдырмады. Барлығы ат салыса келе ортақ күш-жігермен 40500 гектардан астам дала өрттері жойылды. 

Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды

Министр марапатталушыларға ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, елді мекендерді ауқымды апаттан құтқарудағы көрсеткен батырығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтты. 

Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды

Марапаттау рәсімінен кейін Қарағанды облысының өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері үшін ҚР Ұлттық музейінде және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсия өткізілді.

Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілер Президент атынан мемлекеттік наградалар алды

Өзгелердің жаңалығы