Түркістан облысында екпе салдыру бекеттері көбейді

13 Тамыз 2021, 07:39
2707
Бөлісу:
Түркістан облысында екпе салдыру бекеттері көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда жыл басынан бері вакцина салу бекеттерінің саны артып отырған. Олардың жалпы саны тек тамыз айының ішінде 128-ден 141-ге дейін жетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы вакциналау бойынша елімізде 2-орында тұр. Өңірге вакцинаның 690 мыңға жуық дозасы
жеткізілген. І компонентін 660 мыңдай адам немесе 95%, ІІ компонентін – 444 545 адам немесе 77% салдырған.
Сондай-ақ облыс аумағында инфекциялық төсек-орын санын 6 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Өткен тәулікте «сары аймақта» болған Түркістан облысы қайта «қызыл аймаққа» енді. Енді еліміздегі барлық өңір «қызыл аймақта» тұр. Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 116 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.06% құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 11 мың жағдайы анықталды. Оның жартысынан астамы, яғни 6250-де сипмтомсыз өткен.

Жалпы қауіпті вирус жұқтырғандардың дені 20-49 жастағылар. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар, – делінген әкімдіктің мәліметінде.
Өзгелердің жаңалығы