Лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

13 Тамыз 2021, 17:00
1642
Бөлісу:
Лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деп күдіктенуде, - деп хабарлады Антикор.

Қылымыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы