Елімізде «Qazaqstan Project Management Awards 2021» конкурсы басталады

13 Тамыз 2021, 10:16
1202
Бөлісу:
Елімізде «Qazaqstan Project Management Awards 2021» конкурсы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan Project Management Awards 2021» ұлттық конкурсы Қазақстанда жобалық менеджмент жүйесін дамыту мақсатында өткізіледі. 

Ұйымдастырушылар осы конкурс арқылы жобалық менеджмент бойынша кәсіби жарыс алаңын қалыптастыру үшін берік негіз қалағысы келеді.            

Конкурсты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырады.

Биылғы жылы конкурстың ауқымы кеңейіп, енді оған мемлекеттік органдар ғана емес, квазимемлекеттік сектор субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар, жоғары оқу орындары, шағын және орта бизнес субъектілері де қатыса алады. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

«Жылдың үздік жобасы»

«Жылдың үздік жобалық кеңсесі»

«Жылдың үздік жоба менеджері»

Сондай-ақ мынадай арнайы номинациялар қарастырылған: Үздік РМ-тренері, Үздік гендерлік жоба, Балаға мейірімді үздік жоба.

Нәтижесінде жобалық менеджменттің үздік тәжірибелерін қолдана отырып іске асырылып жатқан немесе іске асырылған үздік жобалар іріктелетін болады. Сонымен қатар, конкурсты ұйымдастырушылар жобаларды барынша тиімді басқара алатын көшбасшыларды – үздік жоба менеджерлерін де анықтауды мақсат тұтып отыр. Одан бөлек, негізгі номинациялардың бірі - «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» бар, ол дұрыс құрылған ұйымдық құрылымды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Аталған конкурстағы артықшылықтардың бірі онлайн-форумның өткізілуі болып табылады, онда жеңімпаздар жобалық менеджмент бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оның басты артықшылықтары туралы ойларын жеткізе алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сайтында онлайн түрде беруге болады. Сондай-ақ, бұл сайтта қатысу ережелеріне, есептерді толтыру формаларына және басқа да қажетті ақпаратқа қатысты барлық толық ақпарат орналастырылған.

Ұйым атынан барлық үш негізгі және арнайы номинациялар бойынша өтінім беруге немесе бір номинация бойынша бірнеше өтінім беруге болады. Конкурстың форматы оны «Мемлекеттік органдар», «Бизнес», «Үкіметтік емес ұйымдар», «Квазимемлекеттік сектор», «ЖОО-ы» санаттары арасында жеке-жеке өткізуді көздейді. Мысалы, егер қатысушы «Мемлекеттік орган» санаты бойынша өтінім берсе, онда оның жобасы конкурсқа тек осы санат бойынша ғана қатысады. 

Санаттар

Төлем, теңге

Мемлекеттік органдар

 

-

Квазимемлекеттік сектор

 

100 000

Бизнес

 

100 000

Үкіметтік емес ұйымдар

50 000

ЖОО-ы

50 000

Конкурста әр номинация бойынша келесідей жүлделі орындар қарастырылған:

«Жылдың үздік жобасы»: 1-орын – алтын (кубок); 2-орын – күміс (сертификат); 3-орын – қола (сертификат).            

«Жылдың үздік жоба менеджері»: 1-орын – алтын (кубок); 2-орын – күміс (сертификат); 3-орын – қола (сертификат).

«Жылдың үздік жобалық кеңсесі»: 1-орын – алтын (кубок); 2-орын – күміс (сертификат); 3-орын – қола (сертификат). 

Номинациялар

Санаттар

Ішкі санаттар

Асессорлар

Кубоктар

1

Үздік жоба

Мемлекеттік органдар

 

ОМО

5

1

ЖАО

5

1

Квазимемлекеттік сектор

-

5

1

Бизнес

-

3

1

ҮЕҰ

-

2

1

ЖОО-ы

-

3

1

2

Үздік жоба менеджері

Мемлекеттік органдар

 

ОМО

5

1

ЖАО

5

1

Квазимемлекеттік сектор

-

5

1

Бизнес

-

3

1

ҮЕҰ

-

2

1

ЖОО-ы

-

2

1

3

Үздік жобалық кеңсе

Мемлекеттік органдар

 

ОМО

5

1

ЖАО

5

1

Квазимемлекеттік сектор

-

5

1

Бизнес

-

3

1

ҮЕҰ

-

2

1

ЖОО-ы

-

2

1

БАРЛЫҒЫ

67

18

 Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең – 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін өтінімдерді қабылдау

2-кезең – 2021 жылғы 15 қыркүйекке дейін есептерді қабылдау

3-кезең – 20-30 қыркүйек аралығында бағалаушылардың (асессорлардың) жеке бағалауы

4-кезең – 1-5 қазан аралығында бағалаушылардың (асессорлардың) командалық бағалауы

5-кезең – 20-30 қазан аралығында қатысушылармен виртуалды сұхбат

6-кезең – 1-15 қараша аралығында финалистерді анықтау

Конкурстың финалистері қазылар алқасының отырысында анықталатын болады, оның құрамына 20-ға жуық адам кіреді, олардың 50%-ы – Президент Әкімшілігінің, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Ұлттық жобалық кеңсенің өкілдері. Қалған жартысын жобалық қауымдастықтың өкілдері құрайды.

Өзгелердің жаңалығы