Қазақстанда 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді – вице-министр

13 Тамыз 2021, 12:38
2418
Бөлісу:
Қазақстанда 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру аясында кәсіби стандарттар бар. Бүгінгі таңда 600-ге жуық кәсіби стандарт бекітілді. Олар нақты мамандықтар бойынша қандай біліктілік қажет екенін айқындайды. Қазір оны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бекітіп жатыр. Кәсіби стандарт 28 қызметтің түрін қамтып отыр. Оның басым бөлігі құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат саласына тиесілі, - деді Сарбасов.
Вице-министр атағандай, қазір экономиканың қамтылған секторлары бойынша қосымша қажеттіліктер әлі де бар.

Жалпы 2025 жылға қарай экономикалық қызметтің 70 пайызын кәсіби стандарттармен қамту көзделген. Қазіргі таңда 200-ге жуық сарапшы оқытылды. Кәсіби стандарттар базасында жұмысшының талабы бойынша кадр дайындау мәселесі қаралып жатыр, - деді Ақмәди Сарбасов.


Өзгелердің жаңалығы