Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж

13 Тамыз 2021, 16:20
1997
Бөлісу:
Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күн сайын сан алуан дүниелер сәнге кіретін заманда ешкімді ештеңеден таң қалдыра алмайтынымыз белгілі. Алайда ебін тапқандар табиғи тастарды сәнге айналдырып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Солардың бірі – елордалық Stone Housе компаниясы. Аталмыш кәсіпорынмен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының елордалық филиалы ұйымдастырған баспасөз туры кезінде танысудың сәті түсті.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Компания декоративті тастар өндірісімен айналысады. Нарықта 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мәрмәр, гранит, травертин, оникс табиғи материалдарын өңдейтін қазақстандық тас өңдеу кәсіпорны.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Осы жылдар ішінде ол елордадағы «Бәйтерек» монументі, Hilton қонақ үйі, әулие Успенск кафедралды соборы, ботаникалық саябақ сынды нысандарды әрлеп үлгерген.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Зауытқа кәсіптерін өрлетуге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры қаржылай қолдау көрсеткен.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Осылайша, кәсіпорын 2012 жылы қормен байланыс орнатып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде осы жылдары жалпы сомасы 410 млн теңге көлемінде қаражат алыпты.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Жылдық мөлшерлемесі 14%-ды құрайтын несиенің 8%-ы бағдарлама шеңберінде субсидияланады.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


– Мемлекеттік бағдарламаның арқасында компанияның цехтарын ұлғайттық. Италиядан тастарды көркемдеп, әрлеуге арналған заманауи Breton және 35.5 plus маркалы қондырғылар сатып алдық. Енді озық технологиялар арқылы біз тұтынушылардың қалауынша кез келген дизайндағы өнімдер әзірлей аламыз. Пандемия біраз қолбайлау болып, тасымалдау жұмыстарымен біраз кедергілер болғанымен, қазір бәрі бұрынғыша жалғасып жатыр, – дейді компания жетекшісінің орынбасары Аягөз Жұмаханова.

20 жылдан астам уақыттан бері тынбай еңбек етіп келе жатқан зауыт ұжымында кәсіби, тәжірибесі мол менеджердлер, қолөнер шеберлері, жобалаушылар бар.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Олар тұтынушының қалауына қарай жобалау жасайды.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Компанияның негізі қаланған уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан кадрлық құрам жоғары технология мен нарықты мықты меңгерген деп баға берді компания өкілдері.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Сонымен қатар әзірге Қазақстан нарығында бәсекелестері жоқ екенін алға тартты.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Жұмысқа ыңғайлы болу үшін слэб сақтайтын қойма мен тастар қойылған көрме іспеттес қойма салынған.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Компания шикізатты, яғни тастарды негізінен Италия, Түркия, Грекия, Испания елдерінен тасымалдайтын көрінеді.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Нәтижесінде тастар әлемнің барлық кен орындарының әр түрлі тау жыныстарынан жеткізіледі.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Мемлекетіміз бен ел экономикасын дамытудың көзі – өндіріс.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Сондықтан компанияны тастан декоративтік өнімдер жасау индустриясының алғашқы ізашары деуге толық негіз бар.

Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Тастан сарай салғызған. Фоторепортаж


Өзгелердің жаңалығы