Бақтияр Артаев бокстан ұлттық құраманың құрамы өзгеретінін айтты

13 Тамыз 2021, 19:12
2562
Бөлісу:
Бақтияр Артаев бокстан ұлттық құраманың құрамы өзгеретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бокстан ел құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев хабарлады. Сондай-ақ ол құрамадан ешкімнің кетпегенін, бәрі өз орындарында қалды деп отыр.

Артаевтың айтуынша, құрамаға кәсіби спортта жүрген спортшылардың өзі келуге дайын көрінеді.

Мен Токиодағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда құраманың құрамы 80%-ға ауысады деп айта аламын. Бізде кәсіби спортта өнер көрсетіп жүрген жас боксшылар бар. Бәрімен келіссөздер жүргізілді, - деді Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті.

Сонымен қатар ұлттық құраманың командасының жиынына кім алғаш болып келетіндігі уақыт еншісінде екендігін алға тартты. Осылайша, әлем чемпионатына Қазақстан 80%-ға жаңартылған жаңа құраммен барады.

Өздеріңіз білетіндей, АИБА бұрыннан салмақ категориясын ерлерге 13-ке, әйелдерге 12-ге дейін көтергені белгілі. Күрделі іріктеу жүргізіледі. Жаңа боксты әлем чемпионатында көретінімізге сенімдімін. Олимпиадада жіберілген қателіктермен жасалған жұмыс та көрінеді, - деді Бақтияр Артаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Артаев боксшыларымызға Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетті деп баға бергенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы