Енді ХҚКО-ларда талон берілмес бұрын келушінің мәртебесі тексеріледі

13 Тамыз 2021, 15:08
5311
Бөлісу:
Енді ХҚКО-ларда талон берілмес бұрын келушінің мәртебесі тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО ХҚКО-ларында Ashyq бойынша клиенттердің мәртебесі талон беру алдында тексерілетін болады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Ashyq қосымшасымен интеграцияның арқасында ХҚКО-ларда азаматтардың мәртебесі талонды берер алдында автоматты түрде тексерілетін болады. Бұл шешім қандай да бір себептермен Ashyq-ты смартфондары арқылы пайдалана алмайтын клиенттерге ыңғайлы болу үшін қабылданды. Мемлекеттік қызметтерді тек қауіпсіз немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар ала алады. Егер қауіпті мәртебе анықталса, талон берілмейді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұрынғыдай ғимараттың есігіндегі QR-код арқылы ХҚКО-қа Ashyq бойынша кіруге болады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚКО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшті.            

Айта кетейік, қалалық ХҚКО-лар үшін кезекті алдын ала брондау бұрынғы режимде қалады. Алдын ала брондау кезінде клиенттің артықшылыққа ие болады-оператор оны белгіленген уақытта қабылдайды.            

Барлық клиенттен санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

Өзгелердің жаңалығы