Все новости за 28 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жерді 25 жылға жалға берудің қажеті жоқ – Ақылбек Күрішбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға орман өсіру үшін 25 жылға дейінгі мерзімге босалқы жерлерді жалға беру мәселесіне қатысты Ақылбек Күрішбаев жеке пікірін білдірді.
-
Елордада «Ғасырлар пернесі» атты концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясы 2021 жылдың 28 сәуірінде Қазақ оркестрінің Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» атты онлайн концерті өтті.
-
Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс оқиға 27 сәуірде Алматы облысының Райымбек ауданында болған. Бұл туралы Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Fаcebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Қазақстандық әртістер #ImanbekDanceChallenge челленджін бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы әлемге танымал болған #JerusalemaDanceChallenge әлемдік челленджі жаңа форматқа ие болды.
-
Бағдарлама жүргізген Динагүл Тасованың ашық-шашық киімі жұрттың ашуына тиді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Блогер Азамат Ерғали Facebook-тегі парақшасында Еуразия бірінші арнасында ауа райына қатысты бағдарламаны жүргізетін аты шулы экс-депутат Динагүл Тасованың Рамазан айында ашық-шашық киінетініне наразылығын білдірді.
-
Таразда автокөлікті заңсыз айдап әкеткен күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер автокөлікті заңсыз айдап әкеткен күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында жариялады.
-
Нұр-Сұлтанда экологиялық білім апталығы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сәуір айының соңына дейін жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығы өтеді. Іс-шара оқушылардың табиғи ресурстарға қатысты экологиялық санасын тәрбиелеуге бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматылық судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясын тексеру барысында ірі көлемдегі сомада ақша тәркіленді.
-
Сағынтаев оқушылардың 90 пайызға жуығы қосымша біліммен қамтылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда колледждердің жаңа буын пайда болады.
-
Елордалық мекемелер түн ортасынан кейін де келушілерді қабылдап келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен күні елордадағы мониторингтік топтар кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин режимін бұзған төрт мекемені анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Елбасы Түркістанға баруға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берді.
-
Исекешев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсет Исекешев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Біз экспорттаушыларды қолдау құралдарын іске қосамыз – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін QazСem цемент және бетон өндірушілер қауымдастығымен онлайн-кездесу өтті. Жалған өнімдермен бірлескен «күрестің» алғашқы нәтижелері шығарылды, деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
-
«Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбында инфографика байқауы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбындағы инфографика жұмыстарына конкурс жариялайды.
-
Өскемендегі өрт пойыз көмегімен сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар өрт шарпыған құрғақ шөпті сөндіру үшін «Защита» теміржол станциясында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызын жұмылдырды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-
Соңғы жылдары Жайыққа келген су мөлшері өте аз – инспекция басшысы
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі трансшекаралық өзендердің бірі Жайық. Атырау халқын ауыз сумен де қамтып отыр. Өзен соңғы жылдары тартылып барады. Жергілікті халық дабыл қағып, Жайықтың жайына алаңдап отыр. Осы мәселе бойынша Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин мырзамен сұхбаттастық.
-
Есірткі бизнесімен айналысқан ірі топ мүшелері құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері еліміздің шығысында және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жою мақсатында ауқымды операция өткізді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Павлодар облысына өзге өңірлерден көшіп келгендер баспанамен қамтылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріне жұмыс күші ретінде тартылған өзге аймақтардың тұрғындары баспанамен қамтылуда. Облыс орталығының іргесіндегі кезекті тұрғын үй қолданысқа берілді.
-
Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы кітапханасында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін ер ақтар» тақырыбында кездесу өтті.
-
Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясының төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Көкшетау тұрғыны пәтерін өртемек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада құтқарушылар және полиция қызметкерлерімен Көкшетауда пәтердің өртенуіне жол берілмеді. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-да ауыл-аймақтардың туристік тартымдылығы дамиды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста ауыл-аймақтың туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған жұмыстар қолға алынбақ.
-
Әлемдік геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан айқын беріктік қорына ие – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
-
Тоқаев: Ассамблея – бұрын-соңды ешбір елде болмаған бірегей құрылым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
-
Атырауда анасы төрт жастағы баласын пышақтап өлтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны өзінің төрт жастағы баласына пышақ сұққан, деп жазды azh.kz.
-
Тоқаев Назарбаевқа жаңа қызмет ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды.
-
Назарбаев Эверест шыңын бағындырған екі аяғы жоқ Әуезоваға көмектесетін болды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эверест шыңына шығып, 5364 метр биіктікті бағындырған қазақстандық Мария Әуезоваға жеке көмек көрсетуге дайын.
-
Назарбаев өз өкілеттілігін тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында айтты.
-
Қазақстандық бала Мәскеудегі байқауда жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс күні қарсаңында Мәскеуде Ресей Өнер академиясының алаңында «Жеңіске 75 жыл» балалар бейнелеу өнері ашық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР-ның РФ-тағы елшілігі.
-
Тоқаев сындарлы саясатты жалғастырып келе жатқанына сенімдімін – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында айтты.
-
Елбасы елдегі миллионерлер халыққа көмегін аямау керектігін айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыру қажеттігін айтты.
-
Каспий теңізінде қазақстандық «Ривьера» саламыз – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында айтты.
-
Маңғыстау облысының тұрғыны үйінде 3 тоннаға жуық бекіре сақтаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысының тұрғыны үйінде бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстан-қытай шекарасындағы бекеттер жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан - қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім негізінде «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
-
Назарбаев қандай арманы орындалғанын айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында тұрақтылық туралы айтып берді.
-
Алматының көше-жол желілері зерттеліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Қалалық мобилділік басқармасы «ҚазЖОЛҒЗИ» АҚ-мен бірлесіп Алматы қаласының көше-жол желілеріне зерттеу жүргізіп жатыр.
-
Елдегі әр этностың мәдениетін, тілін дамыту үшін барлық жағдайды жасадық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында айтты.
-
Назарбаев қиын кездер туралы тағы айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында 90-жылдардағы қиын кезеңдер туралы тағы еске түсірді.
-
Б. Сағынтаев қала тұрғындарын қабылдады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының қалалық филиалына жүгінген азаматтармен қабылдау өткізді.
-
2025 жылы халықтың санын 20 миллионға жеткізу керек – Назарбаев
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқының саны 2025 жылы 20 миллионға жету керек. Мұндай болжамды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
-
Қазақ тілін білуге, түсінуге деген ұмтылыс өте жақсы - Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында айтылды.
-
«Электрондық үкімет». Қазақстан ТМД-да көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстана Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
-
«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Этносаясат» магистрлерін даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасының ашылу рәсімі өтті. Аталған шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ЕҰУ-дың 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
-
Министр жедел жәрдем қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 сәуірде бізде Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күні атап өтіледі. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маман иелерін мерекесімен құттықтады.
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәл қазір Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.
-
Каспий жағалауындағы қалада «Оқушылар сарайы» бой көтереді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Қала тұрғындарына қуанышты жаңалықпен шаһар әкімдігі әлеуметтік желілерде бөлісті.
-
Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес 9 мамыр мерекесіне орай біржолғы төлемдер жоспарланған.
-
Ақтаудағы жаңа шағын аудандарға жол салынып жатыр
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығының «Шығыс-2» және «Шығыс-3» деп аталатын мөлтек аудандарында жол мәселесі соңғы кездері жиі көтеріліп жүр.
-
Депутат: Арқарлыдағы петроглифтерді зерттеуді жедел қолға алу қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Алматы-Талдықорған бағытындағы мемлекеттік маңызы бар жолдың бойындағы Арқарлы асуының қос қапталын алып жатқан жақпар тастардағы петроглифтер қатысты Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.
-
Тоқаев Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көршілес мемлекеттердің Президенттері көп жоспарлы қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективалары, екі ел арасындағы достық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті нығайту жайында жан-жақты пікір алмасты.
-
Мусин: Жергілікті IT-қоғамдастықты дамытамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин БҚО-ға жұмыс сапары кезінде өңірлік IT-Hub-қа барды.
-
Қазақстанда киіктердің есебі жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ел аумағындағы киіктердің санын анықтау үшін арнайы әуе есебі жүргізілуде, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
-
ДДСҰ тоғызыншы апта қатарынан COVID-19-дың өсуін тіркеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада әлемде 5 695 277 адамның вирус жұқтырғаны анықталып, 87 826 адам қайтыс болған еді.
-
Алматыда 1 700 адам QazVac вакцинасын салдырды
Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 5 958 адам вакцина салдырған, оның ішінде 1 700 адам QazVac екпесін алған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ең танымал смартфон қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы шығарылған iPhone 11 Apple-дің ең танымал смартфоны ретінде танылды. Бұл туралы PhoneArena Consumer Intelligence Research Partners (CIRP) агенттігі хабарлайды.
-
«КСК»-ны алмастыратын жаңа жүйе жайында не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде көппәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандары енгізіліп жатыр. Ал көппәтерлі тұрғын үйлерді ескі басқару нысандары (КСК - пәтер иелері кооперативі) 2022 жылдың 1 шілдесінде қызметін тоқтатады. Осы мерзім аяқталған соң заң жүзінде бұл жүйе жойылады. Енді жаңа басқару нысаны дегеніміз не, оған қалай көшуге болатыны сияқты мәселелерге шолу жасап көрелік.
-
Алматы қаласы Жетісу ауданының кәсіпорындары 64,8 млрд теңгенің өнімін өндірген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындармен 64,8 млрд теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% құрады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева онлайн брифингте айтты.
-
Алматыда құдыққа түскен үш адам газдан уланып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ресейге кетіп, қалып қойып жатқан этникалық қазақтар көбейген
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Александр Милютин елімізден кетіп жатқан жоғары білімді мамандардың көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
-
Ер адам алаяқтық жолмен өзге азаматтарға 50 несие рәсімдеген
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға онлайн-несие беруді реттеуге қатысты сауал жолдады.
-
Алматыда вакцинация паспорты сатылып жатқаны рас па?
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада вакцинация паспорты сатылып жатыр деген мәселеге қатысты жауап берді.
-
Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір өзгеріс болды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
-
Депутат министрден пандемия кезінде ҰБТ тапсырудың басқа да жолдарын қарастыруды сұрады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса ҚР Білім және ғылым министрінен ҰБТ талаптарын қандастарға жеңілдетуді сұрады.
-
Қазақстандық QazVac вакцинасы қалай әзірленді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі қазақстандық QazVac вакцинасына қатысты мәліметті жариялайды.
-
Нығматулин: Депутаттардың заң жобасы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі заң деңгейінде реттеліп, оның мәртебесі нақты айқындалуы тиіс екеніне назар аударды.
-
Мәжіліс Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді қабылдады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әзербайжанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.
-
Тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облысында сот шешімі бойынша тоғыз шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
ШҚО-ға он жылда 13 мыңнан астам импорттық ірі қара әкелінген
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Саннан гөрі сапаны жайластыруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасының іске қосылғанына он жылдан асты.
-
Біз әйелдердің спорттағы жетістіктерін қолдауға ниеттіміз - Құлыбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас ассамблеясының кезектен тыс отырысы сырттай өтті. Ұйымның жоғары басқару органы бірқатар мәселелерді қарады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Ақмола облысына «QazVac» вакцинасының 2 мың дозасы жеткізілді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «QazVac» отандық вакцинасын халыққа егу басталды. Енді өңірдің әрбір тұрғыны өздері қалаған «QazVac» немесе «Спутник V» вакцинасын таңдай алады.
-
Әдейі жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізуші қамауға алынды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 155 мың теңге айыппұл салынып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Алматы ПД-ті хабарлады.
-
Шымкент «қызыл», Қостанай «жасыл» аймаққа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 28 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Түркістандық балуан қыздар ел чемпионатында топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірім қыздар арасында Ел чемпионаты мәресіне жетті.
-
Канадалық компания Қазақстанға 500 мың доллар шығын өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канадалық Талапкерлер 500 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі Қазақстан Республикасының World Wide Minerals төрелігіндегі шығындарын өтеді.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 28 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19. 193 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
-
Украинада бір тәулікте 8 мың адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Украинада коронавирус инфекциясының 7915 жаңа жағдайы тіркелді, 432 науқас қайтыс болды, деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов.
-
Өткен тәулікте 2499 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2499 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2682 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2682 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Қарағанды перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өтеді. Құрылысшылар жұмысты жарты жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
-
Маңғыстауда үш тонна бекіре сақталған қойма анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 26 сәуірде өнеркәсіптік тоңазытқыштарда үш тонна бекіре тұқымдас балық сақталған браконьерлер қоймасы анықталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
-
Алматыда 57 мың шаршы метр жол жөнделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполисте жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Бір күнде ішімдік ішкен 9 мас жүргізуші ұсталды – Ақтөбе облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні тоғыз мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматы облысында 239 егу пункті жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында қазір 239 егу пункті бар, оның 80-і – жылжымалы. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қарағандылық соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты Қарағанды облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері біржолғы төлем алады. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден төленеді. Мерекелік күні берілетін төлем өткен жылғы мерейтойлық деңгейде қалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев мәлім етті.
-
Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы қыркүйекте басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлықтық хоккей лигасының он төртінші маусымы басталатын мерзім бекітілді, деп жазды Olympic.kz.
Наверх