Бір күнде ішімдік ішкен 9 мас жүргізуші ұсталды – Ақтөбе облысы

28 Сәуір 2021, 04:36
2140
Бөлісу:
Бір күнде ішімдік ішкен 9 мас жүргізуші ұсталды – Ақтөбе облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні тоғыз мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің 26-сы мен 29-ы аралығында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Оның мақсаты – облыс аумағында жедел жағдайды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, болдырмау және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әкімшілік-құқық бұзушылық деректерін анықтау. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен бірге әскери қызметкерлер және еріктілер жұмылдырылды.Іс-шараның бірінші күнінің нәтижесі бойынша тіркелген 16 қылмыстың 10-ы ізі суымай ашылды, іздеуде жүрген бір адам ұсталды.Тыйым салынған заттар, яғни қару-жарақ және суық қару ұстаудың 29 дерегі анықталды, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің – үш дерегі, суық қару (пышақ) алып жүрудің 26 дерегі анықталды.Бұдан бөлек, барлығы 670 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның 59-ы ұсақ бұзақылық дерегі болса, тұрмыстық-жанұялық қатынастағы құқық бұзушылықтар – 21.

Жол жүру ережесін бұзудың 245 дерегі анықталды, оның ішінде тоғыз жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 100 дерегі анықталды, қарсы бағытқа шығып кетудің 25 дерегі, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу – 14, жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін бұзудың 80 дерегі анықталды.

Өзгелердің жаңалығы