Қарағандылық соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

28 Сәуір 2021, 02:34
1494
Бөлісу:
Қарағандылық соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты Қарағанды облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері біржолғы төлем алады. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден төленеді. Мерекелік күні берілетін төлем өткен жылғы мерейтойлық деңгейде қалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға біржолғы материалдық төлем қарастырылған:

– концлагерь тұтқындары – 200 мың теңге;
– Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдері – 50 мың теңге;
– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 200 мың теңге;
– «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері – 100 мың теңге;
- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – 50 мың теңге.
«Ардағым – ардагерім» акциясы аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен беріледі.

Бүгінде облыста барлығы 46 соғыс ардагері тұрады.


Өзгелердің жаңалығы