Алматының көше-жол желілері зерттеліп жатыр

28 Сәуір 2021, 15:58
1250
Бөлісу:
Алматының көше-жол желілері зерттеліп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық Мобилділік басқармасы «ҚазЖОЛҒЗИ» АҚ-пен бірлесіп Алматы қаласының көше-жол желілеріне зерттеу жүргізіп жатыр.

Мұндай зерттеулер көлік қозғалысын пайдалану көрсеткіштерін (тегіс, ойық, ақаулар, кедір-бұдырлар және т.б.), бейнематериалдарды, сондай-ақ жолдың геометриялық параметрлерін жинауға мүмкіндік береді.

Жылжымалы жол зертханасы деректерді синхрондау, проблемалы учаскелерді белгілеу және талдау, ойық жолдарды автоматты түрде жіктеу, жол құрылымы қабаттарының серпінді модульдерін анықтау жүйелерімен жабдықталған. Лазерлік сканерлер жолдың ақауларын дәл анықтауға және жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Диагностика жоғары сапалы үш өлшемді кескіндер шығаруға, сондай-ақ қамту профилін құруға, басқа талдау жүйелерін интеграциялау жөніндегі нәтижелерді цифрлық форматта алуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде мамандар көлік жолдары мен көшелерді инструменталды зерттеудің қорытындыларын алады, соның негізінде жөндеу жұмыстарының тиімді түрлері анықталады. Бұдан өзге, зерттеу жұмыстары қаланың көше-жол желісін басқарудың цифрлық желісін құруға (мәліметтер базасы) мүмкіндік береді әрі сол арқылы қозғалыс жағдайын және қаржылық шығындарды болжауға болады.

Өзгелердің жаңалығы