Алматыда 1 700 адам QazVac вакцинасын салдырды

28 Сәуір 2021, 13:10
1458
Бөлісу:
Алматыда 1 700 адам QazVac вакцинасын салдырды

Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 5 958 адам вакцина салдырған, оның ішінде 1 700 адам QazVac екпесін алған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы қала бойынша ақпан айының 1-нен бастап сәуірдің 27-не дейін 194 106 адам вакцина салдырған. Бүгінгі таңда қалада 210 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр, 309 вакцинация бригадасында 1 197 медицина қызметкері жұмылдырылған және 50 көшпелі мобильді бригада іске қосылған.

Денсаулық басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні коронавирустық инфекцияның 698 жаңа жағдайы тіркелген, оның 619 симптомдық белгілері бар және 79 симптомсыз. Барлық емделіп шығарылғандар саны 460, келіп түскені – 398.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 734 адам бар, оның 125-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 246 науқас бар. Сондай-ақ 5 502 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 852 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 640 симптомсыз,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы