Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

28 Сәуір 2021, 01:18
1331
Бөлісу:
Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев мәлім етті.

Қарыздың көп бөлігі ыстық су мен жылу бойынша жиналған. Бүгінгі күні тұрғындар ыстық су, жылу және электр энергиясы үшін шамамен 1,5 млрд теңге қарыз, – деді Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы.
Сонымен қатар Айдар Беркімбаев биыл Алматының 17 шағын ауданында 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерін салынатынын атап өтті. Сондай-ақ қаланың 600 көшесіне жарық тарту қарастырылған. 
Биыл Алматыда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмысы жалғасады. Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшеге жарық тартылады, – деді басқарма басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы