Шымкент «қызыл», Қостанай «жасыл» аймаққа ауысты

28 Сәуір 2021, 09:54
1076
Бөлісу:
Шымкент «қызыл», Қостанай  «жасыл» аймаққа ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 28 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр. 

«Сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары тұр. 

«Жасыл» аймақта Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан,  Қостанай облыстары.

Шымкент «қызыл», Қостанай  «жасыл» аймаққа ауысты

Өзгелердің жаңалығы