Мусин: Жергілікті IT-қоғамдастықты дамытамыз

28 Сәуір 2021, 13:53
1426
Бөлісу:
Мусин: Жергілікті IT-қоғамдастықты дамытамыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин БҚО-ға жұмыс сапары кезінде өңірлік IT-Hub-қа барды.

Ол жерде IT-бэкграундпен жергілікті фермер Саян Баетов мал басын есепке алу мен басқарудың қарапайым жүйесі Sanamal жобасын таныстырып көрсетті.  Саян Алматыда ІТ саласында шамамен 10 жылдай жұмыс істеп, 5 жыл бұрын ата-анасының фермасына кеткен болатын. Содан бері ол жерде заманауи технологияларды пайдалана отырып, мал шаруашылығын дамытып келеді - дейдіминистр.

Саян Баетов фермерлердің мал басының нақты санын білмейтіндігіне, ұрлықтың көп болатынына, ветеринарияның есеп жүргізбейтіндігіне және фермерлік шаруашылықтың бизнес ретінде дамуына ешқандай қатысы жоқ түрлі мәселелерге тап болған. 

Барлық алғашқы «ауыр сындардан» өтіп, осы мәселелердің оң шешіміне арналған  IT жобасн жасап шықты. Sanamal қазір малдың есебін толық жүргізеді, әрбір сиыр мен төлдің беретін «пайдасын» болжайды, вакцинация, жеке өсу жоспарын мен табиғи өлім-жітімнің қай уақытта болатынына дейін анықтайды. Бұл енді «қай жерде жасалды, сол жерге тиімді» деген қағида үшін жақсы мысал. Біріншіден, өңірдің және жергілікті халықтың проблемасын шешу. Екіншіден, жергілікті IT-қоғамдастықты дамыту. Саянға табыс тілей отырып осындай қажетті жобаны бүкіл мал шаруашылығына қолжетімді етуіне тілектеспін - дейді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы