Алматы қаласы Жетісу ауданының кәсіпорындары 64,8 млрд теңгенің өнімін өндірген

28 Сәуір 2021, 12:36
1357
Бөлісу:
Алматы қаласы Жетісу ауданының кәсіпорындары 64,8 млрд теңгенің өнімін өндірген
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындармен 64,8 млрд теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% құрады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева онлайн брифингте айтты.

Аудан әкімі 2021 жылдың І тоқсанын қорытындылап, аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады

2021 жылдың І тоқсанында Жетісу ауданы бойынша бюджетке салық түсімдерінің үлесі 56,5 млрд теңгені құрады, болжам 134%-ға орындалды. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен 64,8 млрд теңгеге өнім өндірілді. Ауданның өнеркәсіп секторы жалпы қалалық өнеркәсіп өнімін шығаруда 19,7% алады, ірі және орта санатқа 37 өнеркәсіп кіреді, - деді ол.

Оның айтуынша, 2021 жылдың үш айында аудан бойынша негізгі капиталға 18,7 млрд теңге инвестиция игерілген, негізгі капитал инвестициясы 403,9%-ды құраған.

Қазіргі таңда ауданда жеке инвестициялардың жалпы сомасы 76,6 млрд теңгеден асатын 17 ірі нысанның жобасы іске асырылуда. Ол көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы саласында, қызмет көрсету және сауда саласында, денсаулық сақтау объектілері, мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын объектілер, - дейді Гүлнар Көкебаева.

Аудандағы бөлшек тауар айналым көлемі 168,8 млрд теңгені құраған, нақты көлем индексі 103,9%. 2021 жылғы қаңтар-наурызда көтерме тауар айналымының көлемі 321,7 млрд теңгені құрапты.

Өзгелердің жаңалығы