Нұр-Сұлтанда экологиялық білім апталығы өтіп жатыр

28 Сәуір 2021, 21:40
1556
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда экологиялық білім апталығы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сәуір айының соңына дейін жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығы өтеді. Іс-шара оқушылардың табиғи ресурстарға қатысты экологиялық санасын тәрбиелеуге бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Экоапта шеңберіндегі іс-шараларға 1-11-сынып оқушылары, педагогтар, оқушылардың ата-аналары қатысады. Олар үшін экологиялық тақырыпта онлайн-конкурстар ұйымдастырылды.

27 сәуір күні 1-2-сынып оқушылары арасында «біздің үйдің жануарлары» үздік сурет байқауы өткізілді. 3-4 сынып оқушылары «мен табиғатты аялаймын» атты әлеуметтік эко-плакаттар, «өлкеміздің табиғатына қамқорлық», «бұл әлем қандай керемет» атты фотоконкурс дайындады.

Бүгін, яғни 28 сәуірде 1-11-сынып оқушылары өңделген қалдық материалдарынан жасалған бұйымдар байқауына, сары түске лақтыр» акциясына қатысты.

Ертең волонтерлердің басшылығымен мектептерде «Менің қаламның болашағы» жобалар байқауы, «Eco-Qolday-еріктілік: нәтижелер, бастамалар, болашақ жоспарлар» қалалық семинары өтеді.

Экологиялық апта ата-аналардың қатысуымен және жеңімпаздарды марапаттаумен, мектеп пен үйдің аумағын тазалаумен аяқталады.

Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.


Өзгелердің жаңалығы