Елбасы елдегі миллионерлер халыққа көмегін аямау керектігін айтты

28 Сәуір 2021, 16:27
2078
Бөлісу:
Елбасы елдегі миллионерлер халыққа көмегін аямау керектігін айтты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXIX онлайн-сессиясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыру қажеттігін айтты.

COVID-19 пандемиясы кезінде елде түрлі этнос өкілдері, Ассамблея мүшелері, еріктілер көмекке мұқтаждар мен науқастарға көмекке келді. Олар миллиондаған маска таратты, дәрігерлерге, кедейлерге көмектесті. Балаларға компьютерлер сатып әперді. Nur Otan партиясының «Біз біргеміз» акциясы халықтың бірлігінің символына, гуманизм мен қазақстандық мейірімділіктің салтанат құруына айналды, - деді Назарбаев.

Ол енді пандемия кезінде дағдарыстан шығу жолында, әрине, проблемалар шағын және орта бизнесте сезілетін болады. 

Табысы аз, көп балалы адамдар әлі бар. Сондықтан біз бұл жұмысты бір рет істедік деп ойламауымыз керек. Мүмкіндігінше  Үкіметпен, Nur Otan партиясымен, Ассамблеямен, ауқатты адамдармен бірге біздің азаматтарға осындай көмек қолын созуымыз керек, - деді Назарбаев ҚХА сессиясы барысында.

Айта кетейік, былтыр коронавируспен күресу үшін құрылған республикалық қорға елдегі ауқатты адамдар қаржы аударған болатын. Олар: Тимур Құлыбаев, Болат Өтемұратов және т.б.



Өзгелердің жаңалығы