Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 26 сәуірде өнеркәсіптік тоңазытқыштарда үш тонна бекіре тұқымдас балық сақталған браконьерлер қоймасы анықталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді бастап, биоресурстарды заңсыз жолмен өндіруге және оларды сатуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруда.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.