Көкшетау тұрғыны пәтерін өртемек болған

28 Сәуір 2021, 18:15
1631
Бөлісу:
Көкшетау тұрғыны пәтерін өртемек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада құтқарушылар мен полиция қызметкерлері Көкшетауда пәтердің өртенуіне жол бермеді. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, көршісінің жанжал шығарып, ерсі қылықтарымен мазаларын алып жатқанын айтып, көршілері полиция қызметкерлерін шақырған.

Полиция қызметкерлері пәтерде психикалық ауытқуы бар адам болғанын және пәтерді өртемек болғанын анықтады. Шақыруға дереу шыққан құтқарушылар полиция қызметкерімен бірге құралдарды пайдаланып, пәтердің есігін ашты. Пәтерге кірген кезде олар еденде от жағуға дайындалып отырған адамды көреді. Ер адам жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел іс-қимылдарының арқасында өрттің алдын алды және адамдардың өліміне жол бермеді.

Айта кету керек, Ақмола облысында 2020 жылы тұрғын үй секторында 78 қасақана өрт болды.

Еске сала кетейік, тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрттер көбінесе тұрғындардың кінәсінен болады. Өрт салдарынан сатып алынған мүліктер бүлініп, соның салдарынан адамдар да зардап шегеді. Көбіне өрттің құрбаны өртке себеп болғандардың өздері, көршілері және балалары болады.

ТЖД халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңай екенін ескертті.


Өзгелердің жаңалығы