«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

28 Сәуір 2021, 15:20
3111
Бөлісу:
«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Этносаясат» магистрлерін даярлайтын екі жылдық білім беру бағдарламасының ашылу рәсімі өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ЕҰУ-дың 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Жаңа бағдарламаның ашылу салтанатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов «Бірлік, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы!» тақырыптық ұранымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы қарсаңында «Этносаясат» жаңа бағдарламасының іске қосылғандығын хабарлады.

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Жаңа бағдарламаны қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың қағидаттарын білім беру саласына енгізу мақсатында Саясаттану кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы бірігіп дайындады.

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Этносаясат - бұл бүгінгі әлемде ең өзекті және маңызды мәселе. Өздеріңіз білесіздер, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған елдердерде этносаясатта үлкен қақтығыстар туды. Мысалы, кешегі Қарабақ оқиғасы. Әлі күнге дейін соғыс өрті жалғасып жатыр. Қырым жағдайы да бар. Барлығының артында этносаясат мәселелері тұр. Ал Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде әлем жұртшылығы елімізді саяси шиеленістер аймағы деп санаған. Себебі Қазақстан Кеңес Одағы заманында бүкіл ұлттарды депортациялап, көшіріп келген алуан түрді этностардың жиынтығынан құрылған ел болатын. Ол этностардың арасында саяси қақтығыс болады, содан азамат соғысына ұласады деп күтілген. Бірақ ол сәуегейлердің айтқанының біреуі де жүзеге аспады, - деді Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ.

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Қазақстан – 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған ел. Қайрат Сақтың айтуынша, этносаясатта Қазақстанның тәжірибесі үлкен.

Еліміздің саясатының арқасында кішігірім шиеленістер болғанымен, үлкен қақтығыстар болған жоқ. Ол саясаттың туралығынан. Енді Қазақстандағы этносаясат тәжірибесі қызықтырып отырған әлем елдері бар. Олардың арасында дүние жүзінің мықты ғалымдары бар. Сол ғалымдарға өзінің ғылыми тұжырымдарымен бөлісетін мықты мамандар керек. Қазақстанның тәжірибесін зерттеп, зерделеп, болашақта пайдалануға және әлемге бір үлкен жоба ретінде ұсыну үшін кәсіби мамандар керек. Бұл білім бағдарламасы соны жүзеге асырады, - деген ол жаңа білім бағдарламасының маңызына тоқталды.

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Бүгінгі ашылу салтанаты алда келе жатқан Қазақстан халықтарының достығы күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Бұл білім бағдарламасы пәнаралық болып саналады, өйткені бұған екі факультет: Журналистика және саясаттану факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушы-профессорлары жұмылдырылады. Екі факультетте екі бөлек кафедра бар. Біздің факультетімізде Саясаттану кафедрасы, Халықаралық қатынастар факультетінде Халықтар Ассамблеясы кафедрасы. Осы екі кафедраның біріккен шарасы, бірлескен білім бағдарламасы. Бұл арқылы жаңа типті мамандар шығарамыз. Сол үлкен мереке қарсаңында бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының 29-шы сессиясы өтіп жатыр. Қазақстандағы бейбітшілікке, достыққа негізделген саясатты әлемге паш еткен күні біз де осы бағдарламаның таныстырылымын өткізуді дұрыс деп санадық, - деді декан.
Білім бағдарламасы эксперт мамандардың талдауынан өткен. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігінің тіркеуіне енді. Қайрат Сақ бағдарламаның толық жүзеге асуына рұқсат алынғанын айтты.

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Биылдан бастап 7М03108 – «Этносаясат» екі жылдық білім беру бағдарламасына қабылдау басталады.

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникованың айтуынша, осы оқу жылында ректор Ерлан Бәтташұлының атына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Парламент Мәжілісінің депутаты В.Нәбиев, «Нұр-Сұлтан қаласының Өзбек этномәдени орталығынан, Түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінен және басқа да саясаттанушы-этносаяси магистрлерін даярлау қажеттілігі туралы нақты ұсыныстар келіп түскен. 

«Этносаясат». Жаңа мамандарды даярлайтын бағдарлама іске қосылды

Ол этносаясат саласында аналитик-сарапшылар аса қажеттігін айтты. Өңірлік деңгейде Ішкі саясат басқармалары, мемлекеттік қызметшілер, «Қоғамдық келісім» КММ, сонымен қатар Достық үйлерінің қызметкерлері, өңірлерлегі ҚХА кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамына кәсіби кадрлар дайындалатынын жеткізді.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы