Әлемдік геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан айқын беріктік қорына ие – Тоқаев 

28 Сәуір 2021, 17:40
3126
Бөлісу:
Әлемдік геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан айқын беріктік қорына ие – Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жаһандық әлем қарқынды өзгеруде және бұрын-соңды болмаған трансформация кезеңіне аяқ басты. Саясат пен экономикада, қоғамдық өмір мен технологиялық дамуда мүлдем жаңа болмыс пайда болуда. Жер шарының түрлі аймақтарында діни қарама-қайшылықтар күшейіп, ксенофобиялық көңіл-күй байқалуда, - деді Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, бұл қиындықтар, әсіресе коронавирустың жаппай шабуылы жағдайында, мемлекеттердің әл-ауқаты үшін қауіпті бола түсуде.

Елбасының бүгінгі терең, жарқын сөзі саяси және практикалық тұрғыдан жоғары мәнге ие. Әлемдегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан айқын беріктік қорына ие. Бұл – халық бірлігінің келісімі, бұл біздің экономикалық әлеуетіміз. Елбасы жасаған қаржылық мүмкіндіктерге, қаржылық әлеуетке сүйене отырып, Үкімет 4,5 млн-нан астам адамға бұрын-соңды болмаған материалдық көмек көрсете алды, - деді ол.

Айта кетейік, сессияның күн тәртібіне шығарылған тақырып - «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы». Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірінен келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Өзгелердің жаңалығы