Таразда автокөлікті заңсыз айдап әкеткен күдікті ұсталды

28 Сәуір 2021, 21:56
1736
Бөлісу:
Таразда автокөлікті заңсыз айдап әкеткен күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер автокөлікті заңсыз айдап әкеткен күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Полицияға Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны хабарласып, үйінің жанында тұрған «Audi» маркалы автокөлігін белгісіз адамның ұрлап кеткені туралы айтты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен 25 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. 

Сол күні полицияға облыс орталығының тағы бір тұрғыны жүгінді. 26 жастағы азаматтың үйінің ауласында тұрған «Geely Emgrand» маркалы қызметтік автокөлігі ұрланған. Полицейлер 24 жастағы күдіктіні анықтап, ізін суытпай ұстады. Ол Таразға Алматы қаласынан қонаққа келген жәбірленушінің туысы болып шықты. Ұсталған азамат та өз кінәсін толық мойындады. 

Аталған екі дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабымен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы ретте, автокөлік ұрлығын болдырмау үшін дабыл құрылғысын орнатып, машинаны жарық, әрі бейнебақылау камералары бар жерлерге немесе күзетілетін тұрақтарға қою қажеттігін қайталап ескертеміз. Егер автокөлік ұрлығына тап болып, не куәгері болсаңыз уақыт өткізбей, бірден полицияға хабарлаңыздар, - деп жазды полиция генерал-майоры.
Өзгелердің жаңалығы