Алматыда 57 мың шаршы метр жол жөнделді

28 Сәуір 2021, 05:51
1843
Бөлісу:
Алматыда 57 мың шаршы метр жол жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполисте жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сәуір айының басынан бері қолайлы ауа райы жағдайында қала көшелерінде 2936 ақау жойылды, 459 көшедегі ойлы шұңқырлар,шөгулер қалпына келтірілді. Оның ішінде 96 магистральды, 363 аудандық маңызы бар жолдар. Жөнделген жолдардың жалпы алаңы 56 729 шаршы метрді құрайды. Жұмыс барысында 656 люк пен тор көтеріліп, 1370 қума метр бордюр тастары қалпына келтірілді, – делінген хабарламада.

Барлығы 240 шаршы метден астам асфальтбетонды жол, 40 аялдамалар қалталары мен алаңдарды жөндеу жоспарлануда.

Күн сайынғы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника бірлігі жұмылдырылуда.


Өзгелердің жаңалығы