Все новости за 1 қазан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тимур Бекмамбетов Қазақстан мен Өзбекстанда «Қожа Насыр» мультфильмін түсіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ташкенттегі «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі аясында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «Базелевс» компаниясы мен Өзбекстан ұлттық кинематография агенттігі арасында келісімге қол қойылды. Аталған іс-шара Ресей мен Орталық Азия елдерінің бірлескен өндірісіне арналған басқосу барысында өтті.
-
СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында онлайн режимде ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Түркістандық полицейлер ардагерлерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық полицейлер Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Күрестен әлем чемпионатында төрт балуанымыз жарысты бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 қазан күні Норвегия астанасы Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Жер жүзілік жарыстан қазақстандық балуандар да тыс қалған жоқ деп жазады Olympic.kz.
-
Француздар қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай гарнизонының «Тілендиев» полигонына Францияның Ұлттық қорғанысы жоғары зерттеу институтының өкілдері келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
-
Қоғамдық кеңестер өз міндеттерін толыққанды орындамайды – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Жапонияда енгізілген төтенше жағдай режимі алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні Жапонияда COVID-19-ға байланысты төтенше жағдай режимі толығымен алынып тасталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Көлгінов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, гранттар табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ұстаздар қауымын келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Сенаторлар Қазақстандағы туризмді дамытудың келешегін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында көшпелі отырыс өткізді.
-
Қарағанды облысының фермерлері астанадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қарағанды облысы өз өнімдерін ұсынады.
-
Емханада тексерілу үшін ақы төлеу қажет пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналарына түсетін өтініштердің едәуір бөлігі консультативтік-диагностикалық қызметтерді алуға қатысты болып келеді. Емханаға тексеруге жазылуды қанша уақыт күту керек? Олар үшін ақы төлеу қажет пе? Емханада қажетті маман болмаса, қызметті қалай алуға болады? Қандай да бір талдаулар сақтандыруға кіре ме?. Қор сарапшылары консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету тәртібі туралы топ сұрақтарға түсініктеме дайындады.
-
Мамин мен Бурков Ертісте кеме қатынасын дамыту мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин РФ Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесті.
-
Нарынқолда Мұқағалидың 90 жылдығы тойланып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Заманымыздың заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы бүгін өзінің туған жерінде басталды.
-
«Самұрық-Қазына» еріктілері елордалық ардагерлерге азық-түлік себеттерін тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еріктілері (SK Volunteer) елордада 40 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне барып қайтты.
-
Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды.
-
Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ы Дубайда өтетін дүниежүзілік «EXPO-2021» көрмесі алдында Нұр-Сұлтан қаласындағы EXPO нысандарына пресс-тур өткізіп, Қазақстан павильоны қалай жарақталатыны жайлы айтты.
-
Ұстаздар күні қарсаңында 1900-ге жуық елордалық баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұстаздар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр.
-
Қарағандыда 14 жасқа дейінгі балалар коронавирусты көп жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов хабарлады.
-
Елордада футболдан «Жастар кубогы» турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай футболдан «Жастар кубогы» жобасының ашылу салтанаты өтті.
-
СOVID-19: Ақмола облысының 250 мыңнан астам тұрғыны вакцинаны толық алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова хабарлады.
-
Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның төртінші отырысы өтті.
-
Ақмола облысында ковидтік стационарлар саны 3 есеге қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова хабарлады.
-
Қазақстандық зейнеткерлердің көпшілігі Алматы облысында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық қарттар күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы зейнетақы төлемдерін алатын зейнеткерлер жөніндегі мәліметпен бөлісті. Бүгінде Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар.
-
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қариясын қадірлеген халықпыз. Жыл сайын қарттарға құрмет көрсетуді игі дәстүрге айналдырған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы мен ҚАЖ ардагерлері бүгінде қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады.
-
Ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцина жүктілік ағымына қалай әсер ететінін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүктілік кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыру босанудан кейінгі жағдайға әсер етпейді.
-
Болашақпен оқуға түсушілерге қандай талаптар қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҒМ-нің аппарат жиналысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдау барысы және атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндады.
-
Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды іске асыру үшін ұсыныстар жинақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, яғни 1 қазанда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау бойынша ауылдардағы ҮЕҰ өкілдерімен пікір алмасу жиыны болып өтті.
-
Тоқаев Ақтоғай кен байыту кешеніне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Алматыда «Мейірімділік керуені» байқауына өтінім қабылдау басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қайырымдылықты насихаттауға бағытталған «Мейірімділік керуені» жобасы басталды.
-
Білім басқармалары қол қусырып отырмауы керек – Аймағамбетов мектеп салу туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін БҒМ-нің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов жаңадан салынатын мектеп құрылысына қатысты тапсырма берді.
-
Алматыда ағаш цехы отқа оранды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін сағат 14.50 шамасында Райымбек даңғылы бойындағы ағаш цехы өртенді.
-
Мектеп тапсырыла ма, жоқ па?: Аймағамбетов Қосшыдағы білім ордасына қатысты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін БҒМ аппарат жиналысында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылысы сөз болды. Министр Асхат Аймағамбетов мектептерді уақытылы тапсыруға қатысты тапсырма берді.
-
Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді.
-
Азаматтық қорғау академиясының 146 курсанты ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» орталық алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 1-курсына алғаш рет қабылданған 146 курсанттың салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті.
-
Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея тағы бір зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы осы елдің мемлекттік телеарнасы хабарлады, деп жазды Хабар24.
-
Шымкент әкімі зейнеткерлерді сауықтыру орталығының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Асыл жүрек» орталығының жұмысымен танысты. Онда қызмет алушылармен тілдесіп, қарттар күні мерекесімен құттықтады.
-
Ғалым асқабақтың қатерлі ісікке қарсы әсері туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқабақтың құрамында ісік тамырларының өсуін тежейтін зат бар, яғни аталған көкөністі жеу қатерлі ісік қаупін төмендетеді. Бұл туралы диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург айтты, деп жазды Хабар24.
-
Әлемдік тәжірибе: Проблемалық кредиттер қорының шығыны көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Халықаралық валюта қорының жаңадан тағайындалған басшысы Кристалина Георгиева жаңа әлемдік экономикалық дағдарысты болжады.
-
Оттегі тапшылығынан қайтыс болған адам туралы ақпарат жалған – Шыңғыс Мұқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. Cондай-ақ ол әлеуметтік желілерде таралған бұл ақпаратты зерттегенін алға тартты.
-
Алматыда қандай азықтың бағасы жыл соңына дейін өзгеріссіз қалатыны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Мырзалинова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жергілікті атқарушы органдар мегаполистің сауда сөрелеріндегі бағаның өсуіне жол бермейтінін мәлімдеді.
-
Атырауда әскери-патриоттық клубтардың оқу-жаттығу жиыны өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда облыстың әскери-патриоттық клубтарының екі күндік оқу-жаттығу жиыны өтті. Оларға облыстың барлық аудандарының өкілдері қатысты.
-
Шымкентте 189 сынып карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы мегаполисте оқушылар арасында індет жұқтырған 487 жағдай тіркелген.
-
IAAR форум: Алина Жұмағұлова аккредитациялаудан өтудің маңыздылығын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) бас директоры Алина Жұмағұлова мәлім етті.
-
Азиядағы ең сымбатты жігіт – Димаш Құдайберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт деп танылды.
-
Президент: Қазақ радиосының жылнамасы - халқымыздың 100 жылда жүріп өткен жолының айнасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазмедиа орталығының» Киноконцерт залында Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шара тиісті карантин талаптарына сай және телетүсірілім форматында өтті.
-
Азаматтар туралы деректер орталық серверге қалай жіберіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Санақ-2021. Интервьюерді қалай тануға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Ashyq: Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 21 млн теңгеден астам айыппұл cалынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. Оның айтуынша, қалада 8571 нысан Ashyq жобасына енген.
-
Санақ аясында үйлерді жаппай аралау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Екі айда Тоқаев қанша іс-шараға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз-қыркүйек айларында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейдегі 10 саммит пен форумға, оның үшеуіне офлайн, жетеуіне онлайн режимде қатысты. 2 мемлекетке сапармен барды және 7 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар 12 шетелдік делегацияны қабылдаған.
-
Санақ басталғалы 1 ай болды. Нәтиже қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Алматыда бірінші сұрыпты жұмыртқаны 487 теңгеден қымбат сатқандарға айыппұл салынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
-
Әшімбаев: Қазақ радиосы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлкен үлес қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев радио қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Шымкент халқының 98%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады.
-
Қазан айында ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір айдағы орташа ауа температурасы, елдің көп бөлігінде көпжылдық нормаға жуық болады деп болжанып отыр.
-
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл – ауқатын жақсарту мақсатында 1 қазаннан бастап «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталды.
-
Өткен тәулікте 4 871 жолаушы келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 30 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.
-
Аstana Оpen: Путинцева жартылай финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Жыл басынан бері 35 мыңға жуық шымкенттік коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады.
-
Алматыда коронавирус жұқтырған 178 адам ауруханаға жатқызылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда эпидахуал әлі де шиеленісіп тұр. Өткен тәулікте 498 адамнан вирус анықталған, оның 475 симптомдық белгілері бар және 23 симптомсыз.
-
COVID-19: Шымкентте 32 мыңнан астам вирус ошағы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады.
-
Түркістанда Орталық Азия елдерінің өкілдері төмен көміртекті саясат тәжірибесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда «Өңірлік ынтымақтастық және көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу бағытында бірлескен іс-қимылдар» атты алғашқы Орталық Азия форумы өтіп жатыр.
-
IAAR форумы: Astana IT University-дің алдағы мақсаттары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Astana IT University директоры Дархан Ахмед-Заки мәлім етті.
-
Қазақстандық ғалымдар инсульттан кейін оңалтуға арналған титан импланттарын ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты.
-
Өткен 100 жылда Қазақ радиосы қазақтың асқақ рухының бір тұғыры бола білді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының Қазақ радиосы QAZAQ RADIOLARY ЖШС директоры Ернұр Бураханды 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
-
Бүгін – Халықаралық қарттар күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.
-
Асхат Аймағамбетов: Білім сапасын қамтасыз ету – аса маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жаһандық тенденциялар жəне аймақтық аспектілер» форумы өтіп жатыр.
-
Елімізде 2 млн-нан астам зейнеткер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі. Республикада 2 млн 236 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткер тұрады.
-
Елімізде 6 593 598 адам екпенің екі дозасын да салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 1 қазан күнгі деректер бойынша өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Корея елшілігі «Қорғауға» 3 500 АҚШ долларына техника сатып алып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігі қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
-
ДСМ: 805 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 қазандағы ақпаратты жариялады.
-
Екі қала мен бір облыс «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елде бір тәулікте пневмониядан 7 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 2661 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2661 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2096 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2096 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
ДДСҰ: Әлемде тәулігіне 464 мың адамнан COVID-19 анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте әлемде 464 610 жаңа коронавирус инфекциясы тіркелді, кем дегенде 8642 адам COVID-19-дан қайтыс болды. Мұндай мәліметтерді 30 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынды.
-
Өскеменде Ертіс көпірін қайта құру жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде бірнеше жылға созылған Ертіс көпірін қайта құру аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.
-
Алжир CoronaVac вакцинасын өндіруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алжир өз елінде «КоронаВак» вакцинасын өндіруге кірісті.
-
Шымкент: Еңбекші ауданында 15 спорт алаңшасы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбекші ауданында 1 спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды, деп жазды otyrar.kz.
-
Футзалдан ӘЧ: Қазақстан Португалиядан жеңілді, енді Бразилиямен қолаға таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Португалиядан жеңілді. Негізгі ойын 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта есеп тағы да 2:2 болып теңесті. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
-
Элизабет Тұрсынбаева бапкер болуды қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы спортшы Қызылорда қаласында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
-
Павлодар: Аққулы ауданында коронавирус жұқтырған балалар саны өсуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Аққулы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Кобайдарова Instagram парақшасында өткен «Ауданда вакцинациялау барысы туралы, жалған вакцинациялау паспорттарына рақымшылық жасаудың жауапкершілігі мен салдары туралы» тақырыбындағы тікелей эфирде айтты.
-
Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында үш алтын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте өткен 20 және 18 жасқа дейінгілер арасында Ашық Азия чемпионатына қатысты.
-
Биыл ШҚО-да 647 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2021 жылы 647 мың шаршы метр немесе 6 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Наверх