Алжир CoronaVac вакцинасын өндіруде

1 Қазан 2021, 06:18
2296
Бөлісу:
 Алжир CoronaVac вакцинасын өндіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алжир өз елінде «КоронаВак» вакцинасын өндіруге кірісті.

Билік қазан айында 1 миллион доза шығармақ. Жалпы ай сайын екпенің 5 миллион дозасын өндіру жоспарланып отыр. Ал 2022 жылдың аяғында көлемі 65 миллионға жеткізіледі. Оның біразы экпортталады. Зауыт шығыстағы Константин қаласында орналасқан. Жоба Қытайдың «Синовак» компаниясымен бірлесіп қолға алынған.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Алжирде коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғандар саны ересектердің 10 пайызына да жетпейді.

Бұл үлкен жетістік. Кейбіреулер шикі материалды құр қайта өңдеп, құтыларға құйып, таратады деп ойлайды. Бірақ біз оларға бұл олай емес, біз озық технологияларды қолдана отырып, өнім шығарамыз деймін, – деді Алжир премьер-министрі Айман Бенабдеррахман.
Өзгелердің жаңалығы