Павлодар: Аққулы ауданында коронавирус жұқтырған балалар саны өсуде

1 Қазан 2021, 02:26
2366
Бөлісу:
Павлодар: Аққулы ауданында коронавирус жұқтырған балалар саны өсуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Аққулы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Кобайдарова Instagram парақшасында өткен «Ауданда вакцинациялау барысы туралы, жалған вакцинациялау паспорттарына рақымшылық жасаудың жауапкершілігі мен салдары туралы» тақырыбындағы тікелей эфирде айтты.

Тамыз бен қыркүйек айларында мектеп жасындағы балалардың аурушаңдығы өсіп келеді. Оларға вирус көбінесе ата-аналарынан жұғады, – дейді Айдын Кобайдарова.

Оның айтуынша, қыркүйек айында коронавирустық инфекциямен ауырған 44 жағдай тіркелді.

Аққулы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары тұрғындарды вакцинация жасауға шақырады.

Біздің ауданда қазіргі таңда екпенің үш түрі бар: СПУТНИК V, KazVac және SinoVac вакциналары. Аталған екпенің бірін таңдап, вакцинаны кез келген уақытта алуға болады, – деді Айдын Кобайдарова.

Ол Шарбақты, Шақа мен Қызыл ағаш ауылдық округтері 100% вакцинацияланғанын айтты.

Аққулы ауданы мен барлық ауылдарда вакцинация пункттері демалыссыз жұмыс жасайды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Аққулы ауданында коронавирустық инфекцияның 520 жағдайы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы